фото: kz.kursiv
Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу дерегі тіркелді. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«2023 жылғы 12 мамыр сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен балықтардың ұшасы табылды»,-делінген хабарламада.
Қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері жедел түрде хабардар етілді.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті және Қазгидромет қызметкерлері өлі итбалықтар табылған жерден су мен ауа сынамаларын алды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через