Соңғы жылдары Каспий тайызданып барады. Теңіз деңгейі қазір - минус 28,5 метрге жетті. Бұлай жалғаса берсе, теңіздің эко жүйесі бұзылады дейді мамандар. Тап осылай 47 жыл бұрын теңіз қатты тартылған. Ол кезде судың деңгейі минус 29 метрге дейін төмендеген.
Каспийдің қазақстандық жағалауы 2300 шақырымды құраса, соның 1400 шақырымы Маңғыстау өңіріне тиісілі. Осы аумақта 4 гидробекет және 3 гидрометеорологиялық станция жұмыс істейді. Ондағы мамандар теңіз суын тәулігіне 4 рет өлшейді. Судың деңгейі 2-3 күн сайын төмендеп жатқаны байқалып отыр.
2022 жылдық есеп бойынша -29,03 метрді құрады. Ал қазіргі 2023 жылғы есепке келетін болсақ, -29,36 метрді құрап тұр. Яғни бұл дегеніміз салыстыра кететін болсақ, 33 см ге дейінгі 1 жылдық есеп бойынша 33 см-ге төмендегенін көрсетеді. Айдын Жарылғапова, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының океанолог маманы
Су деңгейінің төмендеуіне бірнеше себеп бар. Ең бастысы-климаттың өзгеруі. Жер шарындағы ауа температурасының көтерілуі. Соған байланысты теңіздің булану деңгейі өсті. Мәселен, бұрын аймақта теңіздің булануы 160-180 см дей болса, қазір 2 метрге жеткен.
1976 жылғы деңгейге 50 см дей қалды. 1 жылда 33 см ге төмендегенін қазір қазгидромет айтып отыр. Ендеше 1,5 жылдың ішінде ол соңғы 400 жылдың ішіндегі ең төмендеген деңгейіне бір жыл жарым көп болса 2 жылда жетіп балады деген сөз. Одан әрі қарай да төмендей беретіні сөзсіз. Себебі, келіп құятын су көбейіп тұрған жоқ. Орынбасар Тоғжанов, эколог
Теңіз суының таяздануына антропогендік яғни адамдардың іс-әрекетінен болып жатқан жағдайлар да әсер етуде. Каспиге шамамен 130 өзен келіп құяды. Бұрын Еділ өзенінен жылына 280-290 текше шақырым су құйылатын болса, соңғы жылдары ол 35-40 текше шақырымға азайып кетті. Себебі, өзеннің жағалауында елді-мекендер көбейіп, су тұтыну бірнеше есе артқан. Соның салдарынан Каспийге келетін судың мөлшері азайды.
Ғылыми негіз бойынша, әр 5 см теңіз деңгейі, янғи су деңгейі төмендейтін болса, эко жүйесіне ондағы су жәндіктеріне зиянын тигізеді. Ғалымдар болжауда егер теңізіміз 20100 інші жылға дейін 18 см төмендесе онда бүкіл теңіздің 25 пайызы жойылып кетуі мүмкін. Біз қазірден бастап қолға алып, алдын алу жолдарын қарастырмайтын болсақ, бұл каспий теңізі Арал тағдырын қайталауы мүмкін деген ойдамын. Самал Сырлыбекқызы, Есенов университетінің Ғылым және зерттеу басқармасының басшысы
Сондықтан экологтар «Каспий теңізін зерттеу» интитутын жедел құру қажет деп есептейді. Экологиялық мониторинг жасалуы тиіс. Сонда болжамнан көрі, экологиялық апаттың алдын алудың нақты жолдары анықталмақ.
Дереккөз qazaqstan.tv. Фото bugin.kz, pix-feed.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через