Халықаралық тәжірибе

Канадалық турист Помпейден ұрлаған артефактілерді қайтарды

  Канадалық турист Помпейден ұрлаған артефактілерді қайтарды

Канадалық турист Помпейден ұрлаған артефактілерді қайтарды

Канада азаматы 2005 жылы Помпейден ұрлаған бес артефактіні қайтарды. Ол ұрланған заттар өзіне  үлкен  қарғыс  әкелді  деп  мәлімдеді. Николь  Италияға  екі  ақ мозаикалық плитканы, сынған амфораның екі бөлігін және Помпей археологиялық паркінен алынған керамикалық қабырғаның бір бөлігін жіберді.   Ол Помпейден артефактілерді кәдесый ретінде алған соң,  екі рет сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққанын айтты. Ал оның отбасы қаржылық  қиындықтарға  тап  болған екен.

"Мен жас және ақымақ едім және ақша үшін сатып алуға болмайтын оқиғаның бір бөлігін иемденгім келді. Бұл артефактілер өте үлкен теріс энергиясы бар уақыттың еншісінде. Адамдар өте қорқынышты түрде қайтыс болған.  Мен осы апатқа байланысты заттарды сатып алдым. Мүмкін мен ешқашан  жағдайды  түзете  алмаймын, өзім және отбасым көп  жайсыздықтарға  ұшырады,- деп жады Николь  хатта.  

Везувий б.з. д. 79  жылы  атқылап,  жақын  маңдағы  барлық тұрғындарды қиратты. Осы  жылдар ішінде Италиядағы археологиялық орындарға жүздеген келушілер Помпейден кішкентай артефактілерді қайтарып, оларға тек қиындықтар әкелді деп мәлімдеді. Археологтар келушілердің барлық хаттары мен қайтарылған артефактілерді Помпейдің қазба мұражайында көрсетті. Артефактілердің өздері маңызды құндылықты білдірмейді. Бірақ олардағы хаттар мен қарғыс туралы әңгімелер антропологиялық құндылыққа ие. Сондықтан турист кезінде  алған   көне  жәдігерлерді   мұражайға  қайтарды.

 

 

© DE AGOSTINI / GETTY IMAGES

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру