Израиль энергетикалық тапшылықты шешудің өзіндік әдісін ұсынды. Ел ғалымдары жасанды мұнай шығаратын технология ойлап тапты. Олар қара алтынды ауадан өндіруге болады деп отыр.
Израиль мұнайға деген тәуелділіктен арылуды көздейді. Елде өзінің жанармайы жоқ. Қарап отыра ма?! Қара алтынды ауадан алатын болды. Бен-Гурион университетінің ғалымдары қажетті технологияны ойлап тапқан.
Мордехай Гершкович, Бен-Гурион атындағы университеттің профессоры, вице-президенті:
– Өнім катализатормен бірге реакция беретін көмірқышқыл газы мен сутегінің қоспасынан алынады. Ол мұнайға қарағанда әлдеқайда таза болады.
Кәдімгі мұнай өңдеу зауытында сұйық отын алу үшін қара алтынның шамамен 30 проценті пайдаланылады. Ал ғалымдар ойлап тапқан технология бойынша өндірілетін сұйықтық мұнайды алмастырады. Сөйтіп одан бензин, керосин, дизель отыны алынады.
Яков Динбург, ғалым:
– Экология тұрғысынан бұл технологияның берері мол. Жаңа әдіспен алынған жанармай ауаны ластамайды. Көліктің қозғалтқышында қалдықтар жиналмайды.
Кез келген электр станциясы ауаға күн сайын мыңдаған тонна көмірқышқыл газын шығарады. Ал сұйық отынды жаңа әдіспен алатын кезде зауыттар, жанармай бекеттері, тиісті инфрақұрылымдар аса бір өзгере қоймайды. Әрине, бұдан Израиль мұнайдан бас тарта салмасы анық. Алайда амалдауға болады деп отыр ғалымдар.
Мәтіндегі ақпарат туралы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через