фото: https://sputnik.kz
Италияның оңтүстігінде Калабрия аймағындағы Кротоне провинциясы жағажайында 30-дан астам адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Adnkronos ақпарат агенттігі.
Мигранттар Италия жағалауына бет алған қайықта 100-ден астам адам болғандықтан, теңіздегі апат құрбандарының саны артуы мүмкін. Қазіргі уақытта 50-ге жуық адам құтқарылды, тірі қалғандарды іздеу жалғасып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, Иран, Ауғанстан және Пәкістан азаматтары мінген қайық теңіз толқыны салдарынан жартасқа соғылған.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через