фото: https://www.pexels.com/
Италиялық құқық қорғаушылар босқындар лагеріндегі жағдайды қатаң сынға алып, олардың жабылуын талап етіп жатыр.
Мамандардың айтуынша, келімсектерге медициналық көмек те, психологиялық қолдау да көрсетілмейді. Сондықтан болар, мигранттар арасында өз-өзіне қол жұмсау деректері артқан. Кейінгі бір аптаның өзінде 6 адам өмірмен қош айтысуға тырысқан.
Айта өтейін, соңғы жылдары Италияға бет алған босқындар саны көбейіп жатыр. Былтырдың өзінде елге 157 мыңнан астам мигрант барған. Бұл кейінгі 8 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через