Испания «цифрлық көшпенді» визасын енгізгелі отыр
Испаниядағы Теджеда ауылы "цифрлық көшпенділерді" қабылдауға дайын.
Кеңседен шаршадыңыз ба және жылы жерлерде қашықтан жұмыс істеуді армандайсыз ба? Испания сіздің келесі баратын жеріңіз болуы да мүмкін.
Қашықтан жұмыс істейтін адамдар санының көбеюіне байланысты ел Испанияда 12 айдан аспайтын уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік беретін "цифрлық көшпенді" визасын енгізуді жоспарлап отыр. Бастапқыда жас кәсіпкерлерді көшуге ынталандыру үшін салық жеңілдіктері берілуі мүмкін.
Испанияның ауылдық жерлерінде жұмыс орындарының болмауы көптеген шағын қалалар мен ауылдарда халықтың азаюына әкелді. Бірақ бұл орындар, атап айтқанда, қашықтағы жұмысшыларды қабылдауға дайын.
Испанияның 30-ға жуық қалалары мен ауылдары "цифрлық көшпенділерді"тарту үшін алыстағы жұмысшылар үшін Ұлттық қонақжай ауылдар желісіне (Red Nacional de Pueblos Acogedores para el Teletrabajo) қосылуға шешім қабылдады. Олардың әрқайсысында 5000-дай адам тұрады.
Бағдарлама қашықтағы жұмысшыларға қалада немесе ауылда кездесетін және жергілікті әдет-ғұрыптармен таныстыратын хост-гидтің қызметтерін пайдалануды ұсынады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через