Іскер ана, икемді қыз және батыр балалар

Іскер ана, икемді қыз және батыр балалар

Ақтөбе қаласыда "Іскер ана, икемді қыз" атты жаңа жоба басталды. Оның негізгі мақсаты- іскер ата-аналардың мектеп өміріне араласуы арқылы оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық дағдыларын дамыту. Бүгінгі таңда жобаға қыздарды тігін тігуге, үй бұйымдарын жасауға, тамақ дайындауға және т. б. үйрететін жеті іскер ана жұмылдырылған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, жобаға барлығы 112 оқушы қатысады.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ержүрек балаларды алғыс хаттармен марапаттады. Министр қазақстандық оқушыларға көрсеткен батылдығы мен қайсарлықтары үшін алғысын білдірді.

«Адам өмірін құтқару - үлкен ерлік. Біздің мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі боларлық өжет, ержүрек, батыл балалардың бар екендігі мақтаныш. Осындай азаматтар тәрбиелегені үшін ата-аналарыңыз бен мұғалімдеріңізге алғыс айтамын», - деді Ғани Бейсембаев.

Естеріңізге сала кетейік, елордаға Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген 11 оқушы төтенше жағдай кезінде батыл әрекет жасап, ондаған адамның өмірін сақтап қалған еді. Батыр балалардың ең кішкентайы - сегіз жасар Нұриден Амантай. Ол өрт ортасынан қарындасын аман алып шықты. Әмірхан Абай, Нұрболат Ермағамбет және Сұлтан Малқаджар суға батып бара жатқан досын құтқарса, тоғыз жасар Жансерік Әлім өрт кезінде қарындастары мен інісіне көмек көрсетті. Оразали Зиноллаев, Саян Еспул, Марал Ганиев және Нұрполат Нұркелді балаларды судан алып шықты. Олар Астананың мәдени-демалыс орталықтарын аралап, өздері үлгі тұтатын тұлғалармен кездесті.

Фото bilim.expert