Ірімшік –бірегей өнім. Пайдалы, нәрлі, дәмді... Көп уақыт сақталады да. Бұл өнімде көп пайдалы қасиеттер үйлеседі, және адамзат көптеген ғасырлар бойы оларды тиімді пайдаланып келеді.
Жасалу технологиясы бойынша ірімшіктер қатты, жұмсақ және қышқылсүтті болып бөлінеді.Ірімшіктің әр сұрыпы өзіне тән ерекшеліктерге ие: пішіні, консистенциясы, дәмі,түсі және иісі. Бірақ сұрып пен түріне қарамастан, әр сатып алушы сапалы ірімшік алуға тырысады. Бірақ мұндай – пайдалы және дәмді ірімшікті таңдай білу керек. Бұл оңай емес, әсіресе - бүгін, себебі дүкен сөрелерінде салыстырмалы түрде қымбат емес екінші сұрыпты немесе құрамында көп мөлшерде өсімдік майлар, консерванттар мен бояғыштар бар жасанды өнімдер көп.Мұндай әралуандықтан қалай дұрыс таңдау жасауға болады?
Жақсы ірімшік жасау үшін көп зат қажет емес: сапалы сүт және ашытқы. Мұндай жағдайда ірімшік таңдау да оңай болушы еді- заттаңбадағы құрамына қараса жетеді. Ірімшік құрамында артық ингредиенттер болмауы тиіс, атап айтқанда, өсімдік өнімдері. Шынайы ірімшікте тек сүт (сүт май), сүтті қойылтатын фермент, мезофильді сүтқышқыл бактерияларының ашытқысы ғана болуы тиіс. Ешқандай өсімдік майлары шынайы ірімшікте болмау керек. Қатты ірімшіктерде ірімшіктің өзіне зиянсыз бояумен өнім атауы, майдың пайыздық мөлшері, жасалған күні жазылады. Тұздық ірімшіктердің маркировкасы бөшкеге жазылады. Бірақ тұтынушы әдетте бөлшектелген ірімшікпен істес болады және бұл жағдайда ақпарат заттаңбаға жазылады. Сондықтан қандай ірімшік сатып алып жатқаныңызды білуіңіз керек.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің жетекші маманы Әлімқожаева Жанар Жапарқызы.
Жанар Алимкожаева
Махмутова Салтанат Заманқызы