Иран Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізеді.
Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді.
Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режимді Иран үкіметі 2022 жылдың 11 қарашасынан бастап енгізген. Ол қазақстандықтарға алты ай бойы Иранда үш рет 14 күн визасыз жүруге рұқсат береді. Бірақ үш айда Иранда 42 күннен артық бола алмайсыз.
Бұған дейін Қазақстан Қытай, Иран және Үндістан азаматтары үшін визасыз режим ашқан болатын.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через