Apple сұранысты арттыру үшін Қытайдағы iPhone 14 Pro және ProMax бағаларын төмендетті.
Биыл iPhone 14-тің барлық үлгісін жеткізу өткен жылғы iPhone 13 сериясының көрсеткішінен 14% төмен болады. Бұл туралы қытайлық Mydrivers басылымы trendforce аналитикалық фирмасының есебіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бағаның арзандауына жаһандық инфляция салдарынан сұраныстың азаю себеп болған. Осыған байланысты Apple компаниясы iPhone 14, iPhone 14 Pro, 14 Pro Max үлгілерін шығару санын біршамаға қысқартпақ.
Жаңа смартфондарға сұранысты қолдан жасау үшін Apple кейбір модельдердің бағасын төмендете бастады.
Мысалы, Қытайда iPhone 14 pro және ProMax шығарылғаннан бері 350 юаньға (шамамен 50 $) арзандады. Бұл компанияның тарихындағы бағаның тез төмендеуі.
trendforce аналитикалық фирмасының есебінде Apple смартфондардың сатылымын дұрыс болжай алмағаны туралы да айтылады.
Дереккөз inbusiness.kz. Фото: blackxperience.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через