Іле-Алатау тауларында туристер үшін лашықтар салынады

Іле-Алатау тауларында туристер үшін  лашықтар салынады

Іле – Алатау   тауларында   туристер  үшін  лашықтар салынады

Алматы маңындағы тауларда туристердің тұруына арналған лашықтарда Wi-Fi пайдалануға, телефонды қуаттауға, дәрі қобдишасы мен азық-түлік жиынтығын алуға болады . Алматы  қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді тау туризмін қауіпсіздендіруді  осылай  жоспарлап отырғандықтарын  айтты. Іле-Алатау ұлттық паркіне сәуір және мамыр айларында 77 мыңнан астам адам келген. Жыл басынан бері таудағы жедел-құтқару  жасағының  мамандары  26  адамды  құтқарған.

"Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз және жайлы демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша жоспарды қалалық туризм басқармасы  қолға алған. Таулы  маршруттардың  шалғай  тораптық учаскелерінде жаздың соңына дейін туристерді паналау үшін 15 лашық салынады.  Бүгінде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, құтқару отрядтарына Дабыл беру түймелері бар 10 радиорелелік діңгек орнатылады", - деді басқарма басшысы .

Тау саятшылықтарында туристер түнеп, ауа-райы кезінде жылынуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жедел медициналық көмек жиынтығы (алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталары, мобильді құрылғыларды зарядтау станциясы, жылы көрпе және азық-түлік жиынтығы) болады. Лашықтарда  SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне беру үшін дабыл түймелері бар радиорелелік діңгектер орнатылатын болады. Олар  Wi-Fi тарату функциясымен жабдықталған.

"Қазіргі уақытта Орта және Сол Талғар, Кімасар, Түйік-су, жоғарғы Горельник, Үлкен Алматы шатқалы, Шүкір және Өткел шатқалдарында локациялар пысықталуда", — деп хабарлады басқарма басшысы.

 Басқарма туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және тауға шығу үшін TAU Go смарт-навигаторын іске қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол ТЖД базасымен біріктірілетінін айтты. Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында тау құтқарушыларының жасағы тәулік бойы кезекшілік етеді. Сондай-ақ Түйік-су шатқалында тікұшақ алаңы ұйымдастырылады.

Бүгінде Алматы маңындағы тауларда  500 км жол абаттандырылып, 1000 км тау бағыттары цифрландырылды. "Бағыттар бойы 26 ақпараттық стенд, 154 көрсеткіш, 80 ақпараттық  қалқан, 14 ақпараттық баған, 163 орындық және 68 Күрке орнатылды. Барлық навигациялық стендтерде QR — кодтар бар, онда туристер маршруттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады", - деді  ол.

Биылғы жылы үлкен және Кіші Алматы шатқалдарында жалпы ұзындығы 172 шақырым болатын жаяу тау жолдары қосымша абаттандырылады.

 

           Дерек  көзі : Капитал кз