Ғылым министрі 2024 жылы ҰБТ тапсыратындарды қуантты

Ғылым министрі 2024 жылы ҰБТ тапсыратындарды қуантты
фото: sputnik.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты мәлімдеме жасады.

"Құрметті болашақ студенттер! Сіздер үшін ҰБТ-2024 өзгеріссіз қалатынын қуана хабарлаймын. Тестілеуде тек екі пәнді тапсырасыздар: Қазақстан тарихы (20 тапсырма, шекті балл – 5) және оқу сауаттылығы (10 тапсырма, шекті балл – 3). Тапсырмаларды орындау уақыты - 70 минут. Ал шығармашылық емтихандардың өзі жоғары оқу орындарында өтеді", - деді ол.

Министрдің айтуынша, мұндай шешім өтініш берушілердің өздерінің және тиісті ведомстволардың тілектері негізінде қабылданған.

"Қорытындылай келе, былтыр Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсыру және үздік нәтижемен гранттар беру үшін конкурсқа қатысу мүмкіндігін ресми түрде бекіткенін еске саламын. Егер ақылы негізде оқу үшін ҰБТ-ны тапсырудың тағы үш мүмкіндігін ескерсек (қаңтар, наурыз, тамыз) 2024 жылғы талапкерлер тестілеуден бес рет өте алады", - деп қорытындылады Саясат Нұрбек.

Tengrinews.kz