фото: advantour.com
Жүзім шырынынан вино әзірлеу Грузия мәдениетінің бір бөлігіне айналған кәсіп. Ал оның ерекшелігі – квеври деп аталатын саз ыдыстың пайдаланылуында. Әдетте вино толтырылған квеври жер астына көмілетін. Ал жуырда мұндай саз бөтелкелерді теңіз түбінде сақтау идеясы қолға алынды.
Жаңалықтың авторы 25 жылдық тәжірибесі бар Зураб Кумсиашвили.
Зураб Кумсиашвили, шарап жасаушы: - Бұл шарап жасаудың жаңа технологиясы. Су астындағы шарапты сақтау үшін табиғи саз ыдыс басқа ешбір елде пайдаланылмайды. 20-30 метр тереңдікте тұзды суды өткізбейтін саздың осындай құрамын жасау үшін мен 2 жыл еңбектендім. Мұндай саз тек Грузияда жасалады.
Шарап жасау оңай жұмыс емес, тыныштықты, қараңғыны және салқынды үнемі қажет етеді. Сондықтан оны дайындап, сақтау үшін Қара теңіздің түбі ең қолайлы мекен, дейді сала мамандары. Су астындағы амфоралар бірнеше айға қалдырылады.
Зураб Кумсиашвили, шарап жасаушы: - Мұның бәрі сусынға ерекше дәм береді. Сусынның дәмі қажетті деңгейде дәмді болып шығуы үшін жылдап уақыт кетірудің қажеті жоқ. Саздың ерекшелігі 9-10 айды ғана қажет етуінде.
Су астындағы саз амфорада сақталған 1 литр вино 200 доллар тұрады. Құнына қарамастан 200 амфораға арналған эксперименттік партия тез сатылып кетті, дейді өндірушілер. Демек, сұраныс бар. Келесі партия енді жаңа піскен жүзім жинағаннан кейін күзде теңіз түбіне батырылады.
Дереккөз 24.kz. Фото advantour.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через