фото: freepik.com
Қытай ғылым академиясы жанындағы Гонконгтағы жасанды интеллект және робототехника орталығы нейрохирургтерге көмектесетін жасанды интеллект (ЖИ) құралын таныстырды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды.
South China Morning Post басылымының хабарлауынша, CARES Copilot 1.0 жасанды интеллект үлгісі дәрігерлерге күрделі ми операциялары кезінде көмектесуге арналған. Орталық басшысы Лю Хунбиньнің айтуынша, құрал нейрохирургтерге «тиімді клиникалық диагностика жүргізуге және анықтамалық материалдардың жеткілікті санына негізделген медициналық қорытындылар жасауға» көмектеседі.
CARES Copilot 1.0 Meta Platforms әзірлеген үлкен Llama 2 тіл үлгісіне негізделген және мәтіндік ақпаратты, кескіндерді, сондай-ақ магниттік-резонансты томография (МРТ), компьютерлік томография (КТ) және ультрадыбыстық бейнелеу нәтижелерін қоса, әртүрлі дерекқорларда оқытылған.
Лю Хунбинь атап өткендей, зерттеушілер құралды мыңдаған медициналық оқулықтармен, ғылыми мақалалармен және нейрохирургия бойынша халықаралық нұсқаулармен қамтамасыз етті. Клиникалық шешім қабылдау процесі компьютерлік томография, МРТ, пациенттің физиологиялық тестілеу қорытындылары және т.б. сияқты әртүрлі ақпаратқа негізделген.
«Біз дәрігерлердің ЖИ арқылы операция кезінде жақсы жұмыс істегенін, дұрыс шешім қабылдағанын қалаймыз», - деп қосты ғалым.
Материалда көрсетілгендей, CARES Copilot 1.0 Гонконг пен құрлықтық Қытайдағы кейбір медициналық мекемелерде ішкі сынақтан өтті. Лю Хунбиньнің айтуынша, модель дәрігерлердің жұмыс процесіне хирургиялық жоспарларды және оталардан кейінгі басқаруды дайындауға көмектесу үшін енгізілген.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через