Елімізде аритмология орталығы ашылды

Елімізде аритмология орталығы ашылды

      Мұндай орталықтар Қазақстанда бар, бірақ ең күрделі науқастарды осы орталықта емдейтін болады. Қазіргі уақытта аритмия мәселесі өте өзекті. Әлемдік статистикаға сүйенсек, адамдардың 3% - 4% - ы осы дертке ұшырауда.

    Грузиядан келген аритмолог Роин Реквавтың айтуынша, өлім-жітім бойынша жүрек-қан тамырлары аурулары қазір бүкіл әлемде бірінші орында және болжам бойынша, таяу 20 жылда жағдай өзгермейді. Сонымен қатар, ковид инфекциясының салдарынан жүректің қабыну процестері өсуде, бұл да жалпы статистикаға әсерін тигізуде. Алматы қаласындағы Совминка базасындағы аритмология орталығы қазақстандықтар үшін өте маңызды.

       Орталық осындай аурулармен ауыратын пациенттерге, аз инвазивті және жоғары технологиялық операцияларды, стернерумды ашпай, қансыз алуға мүмкіндік береді, өйткені аритмия ошағын 3D навигациясының көмегімен тамырлар арқылы табады және радиожиілік пен криоабляцияны (мұздату және күйдіру) қолдана отырып, мәселені локализациялайды. 

   Барлық жаңа технологиялардың бір жерде, бір аурухана базасында жинақталғаны аса маңызды. Себебі, мұнда қазақстандық кариологтар өз білімдерін әрі қарай шындап, жетілдіре алатын мүмкіндіктері зор. 

       Ақпарат дереккөзі