фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов©
Қазақстандық боксшының бұрынғы бапкері Абель Санчес осындай пікір білдірді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
World Boxing News порталына берген сұхбатында Головкиннің шаршы алаңғы шығуы екіталай екенін алға тартады. Бұған қоса, оған лайықты құрмет көрсетіліп, үлкен бокстан шығарып тасталмағынын да сынға алды. Бұл тұрғыда қазіргі командасының салғырттығын алға тартты.
«Головкин әлемдік бокста өзіндік ізін қалдырған даңқты спортшы. Сондықтан, тиісті деңгейде шығарып тастауымыз керек еді. Тіпті, ол чемпиондық белдіктерінен бас тартқанда да, арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылмады», - дейді Абель Санчес.
Айта кетейік, Головкин алдағы сәуір айында 42 жасқа толады. Ол бүгінге дейін 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Ең соңғы рет 2022 жылы Канеломен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын. Одан кейін барлық белдігінен бас тартты. Атап айтқанда, орта салмақтағы WBA, IBF және IBO чемпиондық атақтарын жекпе-жексіз бере салды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через