Голливуд актрисасы Dior-ды тәнті еткен қазақ қызының образын қайталады

Голливуд актрисасы Dior-ды тәнті еткен қазақ қызының образын қайталады

       Фотоколлаж: Azattyq Rýhy 

       Бұл көйлекті тарихта алғаш рет киіп шыққан модель Алла Ильчун болатын.

       Голливудтың атақты актрисасы Натали Портман 76-Канн кинофестиваліне француз дизайнері Кристиан Диордың 1949 жылғы коллекциясынан шыққан көйлекпен келді, деп жазады Azattyq Ruhy.

       Бұл көйлекті тарихта алғаш рет киіп шыққан модель - Қытайда туған қазақ Қуантхан Елшін мен орыстың опера әншісі Тамара Михайлованың қызы – Алла Ильчун еді. Көйлектің түпнұсқасы Метрополитен музейінде сақталып тұр.

       Айта кетейік, теміржолшы болған қазақ Қуантхан Елшіннің қызы Алла Ильчун әлемге аты әйгілі дизайнер Кристиан Диордың музасы саналады. 1931 жылы жапон әскері Қытайдың Маньчжурия аймағын басып алған кезде, Қуантхан Елшін әйелі мен қызы Алланы алып, Парижге қашқан. Бірақ, өзі қаза тауып, Парижге Алла мен анасы ғана аман жеткен.

       Жат жұртта қиын өмір сүрген Алла мен анасының өмірі 1974 жылы өзгеріп шыға келеді: себебі Алла Кристиан Диордың кастингіне тап болып, қыпша белді сұлу қыз Диорды тәнті еткен болатын. Міне, күні кеше Натали Портман киіп шыққан көйлекті Диор 1940 жылдары Алла Ильчунға арнап тігіп, осы уақытқа дейін сақтап келген.

       SN.KZ