фото: Хабар 24
Германияда рарирет көліктер көрмесі ұйымдастырылды.
Арасында ХХ ғасырдың басында шығарылған көліктермен бірге заманауи автоларды да көруге болады. Бір қызығы, кейбіреулері тіпті сатылымға қойылған.
Айта кетейік, ретро көліктер көрмесі неміс халқы үшін ең маңызды шаралардың бірі саналады. Оған жыл сайын мыңдаған адам жиналады.
Хорст Таубер, көрме қатысушысы:
- Мен мұнда 1953 жылы шығарылған мерседеспен келдім. Оны осыдан 40 жыл бұрын сатып алғам. Содан бері ештеңесін өзгерткенім жоқ. Бәрі бұрынғы қалпында. Темір тұлпарым өзіме қатты ұнайды. Көліктің техникалық жағдайы тамаша. Бір айта кетерлігі, мұндай көліктің әлем бойынша небәрі 16 мың данасы шығарылған.
Люциан Борн, көрме ұйымдастырушысы:
- 2 күнде 1000 мыңнан астам қатысушы мен 4 мыңға жуық келуші болады деп күтілуде. Жалпы бұл көрмені біз бауырым екеуміз ұйымдастырып отырмыз. Себебі екеуміз де ескі көліктерді жақсы көреміз. Мұнда тізілген темір тұлпарлардың қайсысы ең әдемі екенін айту қиын. Бәрінің өзіндік бірегейлілігі бар. Дей тұрғанмен ең ескі көлік Ford T саналады. Ол 1918 жылы шығарылған.
Ақпарат дереккөзі: 24.kz
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/617159-germaniyada-retro-k-likter-k-rmesi-jymdastyryldy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через