Германияда әуе рейстері кейінге шегеріліп, пойыз қатынасы тұралады. Бұған көлік саласы қызметкерлерінің жаппай шеруге шығуы себеп.
Сала қызметкерлері билік өкілдерінің жалақыны 10%-ке көтеруді талап етіп жатыр. Өйткені көбінің тұтынушылық қабілеті төмендеп кеткен. 1 тәулік бойы жалғасатын наразылық акциясына 350 мыңдай жұмысшы қатысады деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, Германияда жалақы мәселесіне қатысты шеру жыл басынан бері бірнеше рет өтті.
Ахим Штаус, теміржол кәсіподағының өкілі:
- Кәсіподақтардың шеруге шығуы бүкіл елге әсер етті. Вокзалдардың бәрі жұмысы тоқтап қалды. Соның кесірінен миллиондаған жолаушы зардап шекті. Тасымалдаушы компаниялар да шығынға батып жатыр.
Ронья, студент:
- Жылағым келіп тұр. Сұмдық қой мынау. Өз құқығын қорғап, көшеге шыққандарды түсінемін, дегенмен шеруден бүкіл жоспарым бұзылды.
Ақпарат дереккөзі:https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/593157-germaniyada-k-lik-salasy-yzmetkerleri-zhappaj-sheruge-shy-ty
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через