Халықаралық тәжірибе

Францияда әйгілі Эйнштейннің қолжазбасы үш миллион долларға сатылады

  Францияда әйгілі Эйнштейннің қолжазбасы үш миллион долларға сатылады

               Парижде Альберт Эйнштейннің қолжазбасы аукционға қойылады.

               Бұл 1913-1914 жылдары жазылған, 54 беттен тұратын туынды. Онда атақты физик ең басты ғылыми жетістігі - Жердің тартылыс күшінің теориясы туралы жазған. Қолжазбаны Эйнштейнің әріптесі, швейцариялық инженер Мишель Бессо сақтап, ұрпағына аманаттаған екен. Мамандар бұл құнды дүние 3 милилон 400 мың долларға сатылуы мүмкін дейді. Ал 1921 жылы Нобель сыйлығын алған Эйнштейннің өзі 1955 жылы 76 жасында қайтыс болған.

               Винсент Беллой, Christie's аукцион-үйінің сарапшысы:

               – Бұл Альберт Эйнштейннің ең маңызды қолжазбасы деп айтуымызға әбден болады. Осы теорияны қағазға түсіруде инженер Мишель Бессо екеуі бірігіп жұмыс істеген. Осы қолжазбаны оқығанда маған ерекше әсер еткені – Эйнштейн данышпан ретіндегі қолтаңбасының сақталуы. Ол бірінші есептен-ақ дұрыс теңдеуді тапқан.

 Мәтіндегі ақпарат туралы

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру