Халықаралық тәжірибе

Бөлісу

Финляндияда тұратын қазақ ғалымы Еуропа одағының зерттеу грантын жеңіп алды

Финляндияда тұратын қазақ ғалымы Еуропа одағының зерттеу грантын жеңіп алды

Финляндияда тұратын қазақ ғалымы Еуропа одағының зерттеу грантын жеңіп алды

Финляндиядағы Ювяскюля университетіндегі Қазақ профессорі және академияның ғылыми қызметкері Сәуленұр Қызырбек Еуропалық зерттеу кеңесінің (ERC) екі миллион евро зерттеу грантын жеңіп алды.

Европа одағының бұл гранттарды әлемдегі дарынды ғалымдарға ең жаңа ғылыми жобалармен айналысуға мүмкіндік береді. Сәуленұр Қызырбекұлы Ювяскюля университетіндегі физикажәне химия Факультетінде және Наноғылым орталығында жұмыс істейді. Сәуленұр бұған дейін Филандияның бір жарым миллион евро зерттеу грантын жеңіп алған болатын.

Сәулеұнр Қызырбектің негізгі зерттеу бағыты жаңа кванттық материалдарды жасау.

Нақтырық айтқанда, Сәуленұр Қызырбекұлы Ван-дер-Ваальс (vdW) гетероқұрылымдарындағы 2D топологиялық асқын өткізгіштерді тәжірибе жүзінде жасап жатыр. Бұл материал кванттық компьютерлердің жаңа типтегі процессорларын жасауға жаңа жол ашады. Өткен жылы Сәуленұр қандасымыз әлемдегі ең беделді «Табиғат (Nature)» журналында жарияланған ғылмый еңбегі әлем жұртшылығын елең еткізген болатын.

Финляндиядағы қандасымыз Сәуленұр Қызырбекұлы 1983 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіне қарасты Күнес ауылында дүниеге келіпті. Сол ауылда орта мектепте білім алып, кейін Шыңжаң университетін қолданбалы физика мамандығы бойынша бітіреді. Университетті бітіргеннен соң 2008 жылы Италияның Камерино университетіне өтінім беріп, сол елдің Үкіметі қаражаты есебінен білімін материал физикасы бойынша аспирантурада жетілдіруге мүмкіндік алады.

2010 жылы Францияның Страсбург университетіне нано-физика бойынша докторантураға оқуға түседі.

2014-2016 жылдары аралығында Финляндияның Аалто университетінде постдокторлықта білімін шыңдайды.

2017 жылы Финляндияның Ғылым академиясы бөлген үш жылдық грантты жеңіп алып, дербес зерттеуін бастайды.

2021 жылдан бері Финляндиядағы Ювяскюля университетінде профессор және Наноөлшем (Nanoscale) зерттеу тобының жетекшісі.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через