Филиппинде ең ірі жанартау атқылап жатыр

Филиппинде ең ірі жанартау атқылап жатыр

       Майон Филиппиндегі ең ірі, әрі белсенді жанартау. 1814 жылы лава шашырандысы салдарынан 1200 адам көз жұмды, тұтас бір қала жоқ болды. ERNUR.KZ. Филиппиндегі ең ірі жанартау Майон лава шашып жатыр. Салдарынан билік сол маңдағы 13 мыңға жуық халықты қауіпсіз жерге көшірген.

       Бұл туралы ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, Майон жанартауы соңғы күндері лава шашуда. Бұған дейін қою қара түтінге байланысты билік аса қатты мән бермеген. Енді шұғыл сондағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруде.

      Майон Филиппиндегі ең ірі, әрі белсенді жанартау. 1814 жылы лава шашырандысы салдарынан 1200 адам көз жұмды, тұтас бір қала жоқ болды.

      Жанартаудың бұлайша күш алуына жиі тіркелген жер сілкінісі әсер етуі мүмкін. Елдегі жанартау танушы ғалымдар лава шашырандысы әлі көбеюі мүмкін екенін айтуда. Жанартау қауіптілігіне қарамастан сол маңға туристер де жаппай бағыт бұрып жатыр. Себебі олар лаваның атқылау процесін тамашаламақшы.

       Ernur.kz