Facebook атауын өзгертуді жоспарлап отыр
Алдағы өзгерістер туралы Facebook бас директоры Марк Цукерберг 28 қазанда конференция барысында айтуы керек. Алайда, компанияның жаңа атауы ертерек жариялануы мүмкін. Ребрендинг Facebook атауын тек әлеуметтік желіде қалдыруға және сол арқылы бұл Цукербергтің көптеген жобаларының бірі екенін көрсетуге бағытталған.
4 қазан күні Facebook, Instagram және WhatsApp-та жаһандық сәтсіздік орын алды. Сервистер барлық елдерде, соның ішінде Қазақстанда алты сағаттан астам жұмыс істемеді.
Жаһандық сәтсіздік жағдайында Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг 6,6 миллиард доллар таза капиталды жоғалтты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через