Еуропалықтар өз көлігін жақсы көреді

Еуропалықтар өз көлігін жақсы көреді

Егер өте қажет болса, автокөлігі бар азамат өзінің темір тұлпарына бар қаржысын, уақытын, күшін  жұмсаудан тайынбайды.

Бұған немістің қызмет көрсету компаниясы жүргізген сауалнама қорытындысы дәлел.

Зерттеушілер азаматтарға мініп жүрген көлігіне қаншалықты мән беретінін сұраған.  Алынған жауап мамандардың өзін таңқалдырған. Себебі иелері өз көліктерін жақсы көргендері соншалық, тіпті оларға «азан шақырып», ат қойыпты. Олардың арасында автомашинасын «балақай» деп атайтындар көп екен.  

«Көлігіңізді безендіресіз бе?» деген сұраққа басым бөлігі «иә» деп жауап берген. Мұнан басқа көбісі салон ішіне тұмар тағып қоятынын жасырмаған. 

Сауалнамаға қатысқандардың 77 проценті көлігі өзі үшін үлкен маңызға ие екенін айтқан. Ал 21  проценті керісінше қажет болса, автокөлігінен бас тартуға дайын екенін мойындаған.

Фото: zr.ru