Халықаралық белсенділік
Автор: Гульназ Молдабергенова

Бөлісу

Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) лицензияланған тренингі

Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) лицензияланған тренингі

     EFQM - Еуропалық сапа менеджменті қоры, экономикасы дамыған мемлекеттердегі үздік тәжірибелердің жаңа идеяларын зерттеп насихаттайтын инновациялық коммерциялық емес ұйымы. Серіктестер мен тұтынушыларға әлемнің кез келген аймағындағы кәсіпкерліктегікөшбасшылық мәселелері туралы үйренугежәне оларды игеруге ​​мүмкіндік береді.

    

     EFQM Excellence Model ұзақ мерзімді тұрақты дамуға негізделген стратегиялық мақсаттарға, үздік бизнес нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған ұйымдар үшін идеалды басқару жүйесінің жалпыланған үлгісі болып табылады. Оның құрылымы халықаралық көшбасшылардың (Coca-Cola, BMW, Bosch, Siemens, Huawei, Дубай әкімшілігі және т.б.) озық тәжірибесін және тәсілдерін жан-жақты пайдалануға бағытталған.

     Өзінің құрылған күнінен бастап, 30 жылдан астам уақыт бойы EFQM моделі Еуропадағы және оның шекарасынан тысқары жерлердегі 30 мыңнан астам ұйымдардың инновациялық дамуына үлкен әсер етті.Соңғы уақытта деректерді талдаудың, болжаудың заманауи әдістерін қолданудың және мегатрендтер мен жаһандық өзгерістерге жаңа көзқарастың арқасында EFQM моделі әлемдік озық тәжірибелерді жаңаша түсінуге мүмкіндік берді. Мамандарға арналған EFQM моделі бойынша тренингтер өз компаниясын жан-жақты қарастыруға және оның әлеуетті мүмкіндіктерін , тұрақты дамуға қол жеткізу үшін қажетті іс-әрекеттерді жоспарлауға жол ашады.Осылайша, сіз өзіңіздің компанияңыз жәнеоның қызметкерлері үшін, қоғам мен барлық мүдделі тараптарға арналған ең жоғары деңгейдегібасқару жүйесіарқылы өз амбицияларыңызды жүзеге асыра аласыз.

     2010 жылдан бастап EFQM-дің Қазақстан Республикасындағы жалғыз ұлттық серіктесі Қазақстандық сапа және инновацияларды менеджменті ұйымы (KOKИM) болып табылады.

     Тренингтерден сәтті өткен қатысушылар EFQM сертификаттарына ие болады және олардың аттарыЕуропалық деректер базасына енгізіледі.Бұл туралы толығырақ ақпаратты Standard.kz порталдан таба аласыз.

     Standard.kz -кәсіби мамандарды таңдаңыз!

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через