Еуропа елдерінде амоксициллин сияқты антибиотиктер, тұмауға және басқа да респираторлық инфекцияларға қарсы дәрілер, балаларға арналған кейбір дәрі-дәрмек дефициті туындады.
Көптеген елде жағдай аса күрделі, бірақ мұндай тауарлар дәріханалардан мүлдем жоқ болып кетпегендіктен азаматтарға қор жасамауға кеңес беріп отыр.
Дәрігерлер коронавирустан қорғану салдарынан халықта табиғи иммунитет әлсірегенін атап өтті. Сұраныстың күрт өсуінің негізгі себебі - өндірістік қуаттылықтың жетіспеушілігі мен респираторлық аурулардың көп таралуы. Фармацевтика мәселесі ұлттық деңгейде шешілгендіктен, үкіметтер тапшылықты жою үшін шаралар қабылдауда.
Жақында жүргізілген зерттеу Испанияда дәрі-дәрмек тапшылығы бір жылда 38%-ға өскенін көрсетті. Өндірістің төмендеуіне инфляция, энергия бағасының жоғарылауы, шикізат тапшылығы және пандемияның салдары әсер етті.
Еурокомиссия наурызда ЕО фармацевтика заңнамасының қайта қаралған нұсқасын ұсынады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через