фото: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі ұсынды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Сан-Марино кездесуіне төрешілер белгіленді.
Ел құрамасы H тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісінде 19 ұпайдан бар.
Аталған кездесуде бас төреші қызметін Харальд Лехнер атқарады. Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Стефан Пихлер көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де австриялық Себастьян Гишамер.
Кездесу 17 қарашада елорда уақытымен 21:00-де «Астана-Арена» стадионында басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіледі.
Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар. Іріктеу сатысындағы алғашқы ойында қазақстандық футболшылар сырт алаңда Сан-Мариноны 3:0 есебінен жеңген еді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через