Euro-2024: Қазақстан үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Euro-2024: Қазақстан үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын Солтүстік Ирландияға қарсы өткізді.

Кездесу барысында қос құрама жылдам гол соғуға тырысты. Десе де, қақпаны дәл көздей алған жоқ. Қазақстандық футболшылар қатарынан Максим Самородов өз мүмкіндігін құр жіберіп алды. Есепті өзгертетін мұндай сәттер Солтүстік Ирландия құрамасында да болды.

photo

Екінші кезеңде де тартысты ойын жалғасты. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын соқты.

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді.

photo

Сондай-ақ ел құрамасы сынға түсетін H тобында Финляндия Сан-Мариноны 6:0 есебімен тізе бүктірсе, Словения мен Дания 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойынын 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

photo

2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы H тобында үш ойын өткізді. Өз алаңында Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп, Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірген еді. Одан кейін сырт алаңда Сан-Мариноны 3:0 есебімен жеңді.

photo

photo