Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді
фото: atpress.kz

       "Астана Арена" стадионында өткен кездесуде 3:1 есебімен Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

       Матчтағы алғашқы голды ойынның 18-минутында отандасымыз Ислам Чесноков соқты. Екінші тайм бастала сала, 51-минутта қарсылас қақпасына екінші голын соққан Ислам Чесноков дубль авторы атанды. 

       Ойынның 60-минутында Сан Марино құрамасының ойыншысы Қазақстан қақпасына қарымта гол соғып, есепті 2:1 жеткізді.

       Қазақстан құрамасы матч соңында пенальтиден гол соқты. Есеп 3:1. Гол авторы - Абат Айымбетов.

       Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын Қазақстан құрамасы үш күннен соң Словенияға қарсы өткізеді.

       Айта кетейік, ойынға ұлттық құрамаға қолдау көрсету үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаев, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, әнші Димаш Құдайбергенов келді. Ойынды тамашалау үшін стадионға бүгін 30 100 жанкүйер жиналған.

       Stan.kz