Еуро-2024: Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орынға көтерілді

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орынға көтерілді

 Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы аясында Қазақстан құрамасы сынға түсетін H тобында 2-турдан кейін турнир кестесі белгілі болды.

Аталған топтағы екінші тур ойындарын Солтүстік Ирландия - Финляндия кездесуі түйіндеді.

Алғашқы турда Солтүстік Ирландия сырт алаңда Сан-Мариноны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Финляндия құрамасы Данияға 1:3 есебімен жол берді.

Екі құрама арасындағы ойында Финляндия алғашқы болып есеп ашты. Оны Беньямин Кялльман 28-минутта өзінің еншісіне жазды.

Осылайша Финляндия құрамасы қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Аталған топта 26 наурызда Қазақстан құрамасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ, Словения өз алаңында Сан-Мариноны 2:0 есебімен жеңді.

Екінші турдан кейін алты ұпаймен Словения көш бастап тұр. Төрт құрама үш ұпайдан жинады. Финляндияның жеңісінен кейін Дания екінші, Қазақстан үшінші орынға көтерілді. Одан кейінгі орындардағы Финляндия мен Солтүстік Ирландия да үш ұпайдан еншілеген. Әзірге Сан-Марино құрамасында ұпай жоқ.

Енді аталған топта үшінші турда 16 маусымда Финляндия - Словения, Дания - Солтүстік Ирландия, Сан-Марино - Қазақстан құрамалары кездеседі.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото bugin.kzYouTube