Ет пен картопты қосып жеуге болмайды
Табиғатта бір-бірін "жақтыра қоймайтын" азық-түлік түрлері бар. Әсіресе, химиялық құрамы қарама-қайшы болса, ондай тағамды бір-бірімен қосып, араластырып жемеген жөн. Сондай тағамдардың бірі – ет пен картоп.
Ресей диетолог дәрігері Елена Соломатинаның айтуынша, ет пен картопты қосып жеу кей адамның асқазанына ауырлық түсіруі мүмкін.
"Еттің асқазанда қорытылуы үшін тұз қышқылы қажет, көбінде. Ал крахмал тектес өнімнің етті қорытуға мүлде көмегі жоқ. Содан асқазан ішек жолдарында қышқыл пайда болуы мүмкін", - деп түсіндіреді ол.
Адам асқазаны тамақ араластырып жегенді жөн көреді. Өйткені бір тағам екінші бір тағамның қорытылуына жақсы әсер етеді. Мәселен, етті ақуызы мол тағамдармен (оның ішінде сүт), ал картопты көміртегімен қосып жеген дұрыс.
Ақуыз баяу қорытылады. Ал көміртегі тез қорытылып, ағзаға энергия пен күш-қуат беруі тиіс. Бұл екеуін бір-бірімен араластыруға келмейді. Соның себебінен кейбірінің асқазаны ашу пен божуға тап болып, дискомфорт орнауы мүмкін. Содан қышыл, гастрит пайда болуы мүмкін. Асқазанның қорыта алмай, "жел шығара беруі" де осыдан.
Картоп (оның ішінде макарон да бар) пен етті қосып жеу адам денесіне май жиналуға да әкелуі мүмкін екен.
Ал етті картоппен емес, брокколи, түсті орамжапырақ, асқабақ пен қояншөп (спаржа), түйебұршақпен қосып жесе, құба-құп.
Айта кеткен жөн, қазақстандық нутрициолог Майгүл Қайнарбаеваның айтуынша, ет жеген соң, шәй ішуге де болмайды. Бұл еттің құрамындағы темірдің жойылуына әкелмек. Темір жетіспеушілігі содан болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через