Ертең Қытайда ХІХ жазғы Азия ойындары басталады

Ертең Қытайда ХІХ жазғы Азия ойындары басталады
фото: yaplakal.com

Қыркүйектің 23-де Қытайдың Ханчжоу қаласында ХІХ жазғы Азия ойындары ашылады. Онда сары құрлықтағы 45 елдің 15 мыңнан астам өкілі 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады. 

Ойынның ашылу рәсімі 23 қыркүйекте Олимпиада спорт орталығы стадионында өтеді. Ойындар қазанның 4-не дейін жалғасады. 

Қазақстан Ханчжоу қаласына 30 спорт түрінен 524 атлет апарады. Оның ішінде Олимпиада бағдарламасына кіретіні 27, қалған үшеуі - олимпиадалық емес спорт түрі. 

Айта кетейік, Азия ойындары- Азиада деп те аталады - Азия Олимпиадалық кеңесінің басқаруымен Азия құрлығының спортшылары арасында 4 жылда бір рет өтетін кешенді спорттық жарыс.