фото: pexels.com
Елімізде мүгедектігі бар жандар үшін жеңілдетілген ұялы байланыс тарифтері енгізіледі. Байланыс операторларына осындай міндеттеме жүктеледі. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс екінші оқылымда қабылдаған байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласына қатысты заңда осы және өзге де бірқатар түзету бар: Байланыс операторлары төтенше жағдай кезінде смс-хабарлама жіберуге міндетті болады.
Азаматтардың интернет алаяқтарының құрығына түсу оқиғаларын азайту мақсатында Ұлттық банк жанынан арнайы орталық құрылады. Ол заңсыз, күмәнді ақша аударымдарын бақылап, алаяқтардан түсетін қоңырауларды қадағалайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через