Енді қордан артылған бидай мен ұн шетелге еркін сатылады

Енді қордан артылған бидай мен ұн шетелге еркін сатылады

Елімізде астық экспортына шектеу алынып тасталды.

Енді қордан артылған бидай мен ұнды шетелге еркін сатуға болады. Бұған бірінші кезекте диқандар қуанып отыр. Себебі, биыл егін бітік шыққан. Қамбалар лық толады деген болжам бар.

Биыл елімізде 13 миллион тонна бидай қамбаға құйылады.

Оның жартысының өзі ішкі нарықты толық қамтуға жетеді. Былтырлары қуаңшылықтан көрші Ресейдің астығына наубайханалар мен жем іздеген шаруашылықтар тәуелді болып қалып еді. Енді ол жақтың бидайын түк керек етпейміз дейді сарапшылар.

Әйтсе де баға тұрақтылығына әсер етеді деп отыр. Қазір бәсекенің әсерінен бидай құны біраз арзандаған. Сондықтан нан мен макарон өнімдерінің бағасы өспейді, деп жазды ктк кз.

Фото: logsoft.kz