Енді қазақстандықтардың некесін халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қияды.
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті бұл өзгерістің 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап іске асырылатынын айтты.
"Кодекстің 13-бабына сәйкес неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда немесе арнайы жасақталған мемлекеттік неке сарайларында некеге тұратын адамдардың жеке қатысуымен қиылады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап рәсімді Мемлекеттік корпорация "Азаматтарға арналған үкімет" өткізеді”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін департамент "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының аясында азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу функциясының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына берілгенін түсіндірді.
Азаматтық хал актілерін яғни туу, неке және қайтыс болу туралы куәліктерді тіркеу үшін төлемге де өзгерістер енгізілді.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через