Enbek платформасына 44 тегін курс қосылды

Enbek платформасына 44 тегін курс қосылды
фото: pixabay.com

2024 жылдың басынан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Skills Enbek платформасында қазақ және орыс тілдеріндегі тегін курстардың мазмұны кеңейтілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Әр курстың ұзақтығы 36 сағаттан асады. Онлайн оқыту белгілі бір кәсіптік салада белгілі бір дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді алуға мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада. 

Осылайша, құрылыс және өндіріс саласында «Жылу желілерінің жабдықтарына, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу», «Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын пайдалану», «Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары», «Дәнекерлеу өндірісінің негіздері», «Токарлық өңдеу негіздері» сияқты курстар қосылды.

«Жеке қызметтер мен тамақтану бойынша қосымша курстар пайда болды: «Тігуді басынан бастап үйреніңіз!», «Қызмет көрсету саласындағы әкімші», «Шаштараз өнері», «Аспаз», «Наубайхана негіздері», «Кондитерлік шеберхана». «Мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қызметкер» курсы бар», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, «Тиімді коммуникациялар және командалық жұмыс», «Сыни ойлау негіздері», «Уақытты басқару және басымдық беру», «Дизайн ойлау», «Бизнес-процестерді басқару», «Бизнестегі коммуникация мәдениеті», «Agile принципі бойынша жобаларды басқару», «Маркетингтік талдау (консалтинг)», «Microsoft Office-пен жұмыс» және «Экологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру» сияқты әр мамандық үшін бірдей маңызды «икемді» дағдыларға бағытталған курстар бар.

Мәлім болғандай, курстан өткенін растайтын сертификат Enbek.kz жұмысқа орналастыру порталында алынған барлық дағдыларды көрсете отырып, түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Курстарда Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болатын Enbek мобильді қосымшасында қол жетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Soyle.kz мемлекеттік тілді оқыту порталын құрған Мемлекеттік тіл қоры тағы бір серіктес. Қазір Skills Enbek платформасында «Как выучить казахский язык с нуля» промо-курсы қолжетімді.

Аталған платформада әртүрлі бағыттар бойынша барлығы 477 курс орналастырылған, оның ішінде 243-і тегін. Тіркелген пайдаланушылар саны 380 мың адамға жеткен. 

Дереккөз kaz.inform.kz.