фото: pixabay.com
Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Зиянды қоспалары көп өнімдермен бірге біздің ағзамызға улы заттар енетіні мәлім. Бұл жерде әңгіме өнеркәсіптік жолмен өңделген тағамдарда кездесетін зиянды қоспалар туралы болып отыр. Негізінде, біздің ағзамыз мықты. Ол тамақ, су, ауамен енетін көптеген зиянды заттан өздігінен құтыла алады. Бірақ олар тым көбейіп кетсе, ағзамыз оларды жеңе алмайды. Сондықтан тамақты тағдап жеп, сақтанған жөн. Әркім білуге тиіс бұл қандай қауіпті тағамдар? "Сапалы Қазақстан" тілшісі зиянды 10 тағамның тізімін ұсынады.
1. Чипсы
Чипсы дәмдеуіштер мен хош иістер қосылған ұн мен крахмалдан жасалады. Мұндай қоспа артық салмақ жинауға ғана емес, сонымен қатар бауырдың бұзылуына, инфарктің пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, ағзаға зиянды өнімде кездесетін компоненттер жасушалық деңгейде мутацияға алып келуі және онкологиялық ауруға шалдықтыруы мүмкін.
2. Консервілер мен шұжықтар
Шұжықтар мен консервілерді табиғи еттен жасалға ғана болса пайдалы деп атауға болады. Дегенмен, олардың құрамында қант диабеті, жүрек және онкологиялық аурулардың даму ықтималдығын арттыратын жасырын майлар, тұрақтандырғыштар, эмульгаторлар, бояғыштар және басқа қоспалар бар. Өнімді дайындаушылардың кейбірі оларға трансгенді соя қосады, ол өскен кезде гербицидті жинақтауға бейім. Қауіпті химиялық заттар аллергияның пайда болуына ықпал етеді және ішкі секреция бездерінің жұмысын бұзады.
3. Кетчуп мен майонез
Бұл дәмді тұздықтар зиянды тағамдар тізіміне кездейсоқ енген жоқ. Химиялық қоспалардан басқа, кетчупта қант диабетін, кариесті, асқазан-ішек ауруларын қоздыратын қант көп. Майонезге келсек, оның құрамдас бөліктерінің бірі транс майлар, олар жағымсыз жайтқа ұрындыруы мүмкін:
"зиянды" холестерин деңгейін арттырады;
иммунитетті төмендетеді;
жүректің ишемиялық ауруының пайда болу ықтималдығын 6-10% - ға арттырады;
Альцгеймер ауруына, аллергияға, депрессияға ұшыратады.
Фото pixabay.com.
4. Хот-дог
Бүгінгі таңда жасалып жатқан шұжықтарда соя мен Е компоненті бар, олар асқазан-ішек жолдарын тітіркендіреді және ас қорыту жүйесіне теріс әсер етеді. Шұжықтардың ең қауіпті ингредиенттерінің бірі - натрий глутаматы. Осы қоспа хот-догты адам денсаулығына ең зиянды тағамдар қатарына қосады. Ол жүйке жүйесіне әсер ете отырып, ашығу сезімін басады және адамдарды дәл осы өнімді тым көп мөлшерде жеуге итермелейді. Нәтижесінде асқазан созылып, белде май қабаты жиналады.
5. Попкорн
Жүгерінің өзі қауіпті емес. Оның құрамында ағзаға пайдалы диеталық талшықтар мен дәрумендер бар. Бірақ жүгеріге май, тұз, сондай-ақ дәмін жақсарту үшін химиялық қоспалар қосылғанда бәрі бұзылады. Бұл жағдайда оның тағамдық құндылығы одан әрі артады, ал тұздың көп мөлшері бүйрек аурулары мен қан қысымының жоғарылауына әкеп соқтырады.
6. Жылдам дайындалатын кеспе
Зиянды тағамдарды есепке алғанда тез дайындалатын кеспені естен шығаруға болмайды. Оның негізгі зияны ретінде метаболизмнің бұзылуына себепкер болатынын атап өтсек те жеткілікті. Кеспе жегенде дене калорияны алады, бірақ ол калорияның құрамында қажетті қоректік заттар жоқ, сондықтан ол көп ұзамай тағы тағам жеуді қажет етеді. Егер бұл бір уақытта қайталанса, уақыт өте келе метаболикалық процестер қарқын алып, адамның ауруға ұшырауына және артық салмақ жинауына ықпал етеді.
7. Газдалған тәтті сусындар
Сода құрамында қант мөлшері жоғары, бұл ұйқы безінің жұмысына теріс әсер етеді. Қанттың орнына әр түрлі қант алмастырғыштарды қамтитын сусындар бар, бірақ олар да зиянды 10 тағамның қатарына кіреді,
Өйткені олар: целлюлиттің пайда болуына әкеледі;
ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендіреді және шөлді күшейтеді;
дене метаболизмінің тепе-теңдігін бұзады.
Фото pixabay.com.
8. Ақ ұннан жасалған нан
Жоғары сортты ұннан жасалған нан өнімдері калорияны арттырады. Бұл артықшылық белде май қоры ретінде сақталады және біртіндеп семіздікке әкеледі. Сонымен қатар, нанның құрамына көбінесе қан тамырлары, ас қорыту жүйесі, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына тікелей ықпал ететін зиянды қоспалар кіреді.
9. Маргарин
Майонез сияқты, маргарин құрамында қанықпаған майлар бар, бұл оны адам денсаулығына зиянды тағамға айналдырады. Бүгінде ол жүрекке, бауырға, қан тамырларына қауіп төндіретін гидрогенизацияланған күнбағыс майынан жасалған. Целлюлит пен холестериннің пайда болу себептерінің бірі транс майлар екені белгілі.
10. Кәмпит мен шоколад
Артық салмақтың пайда болуы, қант диабеті, аллергиялық реакциялар, тістердің нашарлауы. Бұлар тәттілерді жиі жеу арқылы пайда болатын мәселелердің бір бөлігі ғана. Кәмпиттер мен батончиктер - тағамдық құндылығы жоқ, құрамында қанты өте көп зиянды тәттілер. Бұған эмульгаторлар, қант алмастырғыштар, бояғыштар және денеге теріс әсер ететін басқа қоспалар кіреді.
Осы тізімдегі тағамдарды пайдаланбауға тырысыңыз. Ал диета ұстап жүрген азаматтардың зиянды өнімдерден мүлдем бас тартқаны жөн. «Ауру астан» деген халық даналығын естен шығармаңыз!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через