Ен үздік және ең нашар автокөлік

Ен үздік және ең нашар автокөлік

2021 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік және ең нашар автокөліктер аталды. Барлығы 32 бренд, 3 талап бойынша бағаланды.

Рейтингті жасаған Consumer Reports  басылымы автокөліктің сапасына, клиенттердің бағасына және краш-тест қорытындысына баса назар аударған. 

Нәтижесінде Subaru — 81 балл жинап, ең үздік модел атанды. Екінші және үшінші орынды 78 баллмен Mazda және BMW иеленді. Алғашқы бестікті 77 баллмен  Honda және Lexus түйіндеген.

Тізімнің соңғы жағына 45 балмен  Jeep жайғасыпты. Land Rover мен Mitsubishi де жоғары баға ала алмаған.

Назарларыңызға тағы бір рейтингті ұсынамыз.

Америкалық Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтандыру институты 65 автомобильді Top Safety Pick+ сыйлығымен марапаттады. Тағы 36 модель осы сыйлықты алды. Бірақ онда + белгісі болмаған.    Барлығы 101 жеңімпаз атанды. Былтыр олардың саны 90 –мен шектелген еді.

Ең көп марапатты Hyundai, Kia және Genesis брендттері енген Hyundai Motor Group концерні иеленді. Олар Top Safety Pick+ бойынша 11 сыйлық, Top Safety Pick бойынша 10, барлығы 21 сыйлық алды.

Екінші орынға Volkswagen Group концерні жайғасты. Олар 3 награданы Top Safety Pick+, тағы 3 награданы  Top Safety Pick бойынша алды. Ал  Volvo 10 марапатқа ие болды.

 

Фото: japanbullet.com