«Ипсос» халықаралық зерттеу компаниясы халықтың сеніміне ие болған мамандықтарды анықтады. Биыл қоғамның дәрігерлерге деген сенімі ерекше.Бұл туралы компанияның сайтында жазылған. Мұнда түрлі кәсіп иелеріне халықтың көзқарасы көрсетіледі. Биыл бұл сауалнама әлемнің 28 елінде сәуір-мамыр айларында жүргізілген
Пандемияға байланысты дәрігерлер сенім рейтингінде бірінші орынды иеленді. Ал ғалымдар екінші орынға ығысты. 2019 жылмен салыстырғанда халықтың дәрігерлерге сенімі 7 пайызға өскен. Дәрігерге имандай сенетіндердің көшін 72 пайыз көрсеткішпен британдықтар бастап тұр. Осы мамандық иесіне сыйластығы 2019 жылмен салыстырғанда 71 пайыздан 66 % - ға төмендеген Мексикалықтар тізімдегі 10 көрсеткішті кері өзгерткен жалғыз ел болып тіркеліпті. Зерттеушілердің дерегінше ұстаз қауымы үшінші жыл қатарынан үшінші орынды ешкімге берер емес.Бүгінде халықтың 55 пайызы мұғалімдерге құрметпен қарайды екен.Сонымен Қарулы күштер, полиция мен сот және заңгерлерге деген елдің сенімі аз. Бір қызығы қазіргі қоғам саясатшыларға сенбейді екен. Олардың көрсеткіші 10 пайыз көлемінде.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через