Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы алдағы уақытты өнім бағасының өсуі болмайтынын айтып болжам жасаған болатын. Сарапшылар соңғы кезеңдердегі қымбаттау қарқынын ескерсек жұмыртқа барлық мал шаруашылығындағы өнімдер арасындағы ең арзаны екенін ескертті.
Соңғы бірнеше жылда тауық жұмыртқасының құны екі еседен астам өскен. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы өнімнің бағасының маусымға байланысты қымбаттауы қалыпты құбылыс деп санайды. Дегенмен, сарапшылар егер биылғы жылдың 9 айында еліміздегі барлық құс өсірушілер шығынсыз жұмыс істесе бағаның әлі де арзандауы мүмкін екенін айтады.
“Жыл басында жем-шөп бағасы өте қымбаттап, жұмыртқаның өзіндік құны өсті. Бірақ оның саудадағы бағысы өспеді. Жылдың басында және жазда бағалар 2021 жылдың деңгейінде қалды. Дегенмен бүгінгі зауыттар биылғы жылдағы шығынын жабу үшін баға көтерілді”,- деді Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко.
Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет тарапынан жеңілдіктердің жеткілікті болғанын айтады. Құс өсірушілерге жем сәуір айынан бері арзандатылған бағамен сатылған.
“Сондай-ақ жұмыртқа өнімдеріне субсидияларды қайтару туралы шешім қабылданды. Осылайша, жылына 5 миллионнан астам жұмыртқа өндіретін құс өсірушілер әрқайсысына 3 теңгеден алады. Бұған мемлекеттік бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржының 90 пайызы игерілді”,- деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаментінің директоры Ерлан Ілиясов.
Мамандардың айтуынша, зауыттардың өзі онын 450-500 теңгеден сатады екен. Бұл бағаға қосымша дистрибьютордан 15% ең жоғары рұқсат етілген үстеме болып табылады. Сонда өнімнің сатылымдағы бағасы 700 теңгеге дейін жетеді.
“Қымбат деуіміз орынсыз. Оның бағасын басқа да өнімдермен салыстыру керек . Қазір бәрі қымбаттады. Құс еті, тауық еті, қой еті барлығының бағасы өсті. Олардың ішінегі ең арзаны жұмыртқа”,- деді Максим Божко.
Қазір жұмыртқаның 10 данаға зауыттық бағасы - 450-500 теңге. Дистрибьютордың үстеме ақысы - 15%, сатушының үстеме ақысы - 15%.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через