фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті
Павлодар облысы тоқаш бағасы ең арзан он аймақтың тізіміне кірді.
Жалпы еліміз бойынша кондитерлік өнімдер 12%-ға, өзге де кондитерлік өнімдер 14%-ға қымбаттады.
Energyprom.kz сарапшыларының ақпараты бойынша кейбір аймақтарда бағаның өсуі айтарлықтай байқалады. Өңірлік бөліністе кондитерлік өнімдер Батыс Қазақстан облысында бір жылда 18,5%-ға өскен. Ақтөбе және Маңғыстау облыстары да антилидерлердің үштігіне енді. Сектордағы бағаның ең аз жылдық өсуі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: 7%.
Тоқаш және ұн өнімдері Атырау облысында 30%-ға қымбаттады, бағаның жылдық ең төмен өсуі Алматы облысында тіркелді: 2,6%.
Павлодар облысында кондитерлік өнімдер мен тоқаштардың құны 13 пайызға көтерілді.
Елде кондитерлік өнімдер арасында карамель, нан және ұннан жасалған тәтті өнімдер арасында вафли қымбаттаған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через