Айтыңызшы дүниеде сәби жүзіне күлкі үйіре алудан асқан бақытты тірлік бар ма, сірә! Меніңше жоқ ау. Сәби жүрегіне қуаныш пен шаттық ұялатқанға не жетсін. Сол балғындар үшін аянбай тер төгіп, әлемдік бәсекеге сай, рухани тұрғыдан бай, жан-жақты, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында қомақты еңбек етіп жүрген өнер ордаларының бірегейі Алматыда ғы Мемлекеттік Қуыршақ театры десек артық айтқанымыз емес. РАС...
Бүгінде бала санасын ғаламтор билеп бара жатқан заманда , балғындарды сол Қуыршақ театры меңіреуліктен азат ететіндей көрінеді бізге. Тіпті соңғы кездері театр жаңа форматқа көшіп, ересектердің де көңілін аулай бастағанын көзі қырағы көрермен жақсы біледі.
Елдегі өнер ұжымдары шілде мен қыркүйек аралығында демалысқа кетіп, маусымды жапса, Театр есігін қысы-жазы жаппайтын қажымай-талмай еңбек ететін өнер ордасы да осы Мемлекеттік қуыршақ театры.
Жазда қалаға келетін қонақ көбейетіні ақиқат. Елдің шет-шетінен, шетелден келетіндер бар. Олар оңтүстік астананың мәдени ошақтарына барғысы келеді. Бірақ көбі жабық. Ал қуыршақ театрының жаз айларында жұмыс жасайтынын көпшілік біле бермейді. Сондықтан бүгін біз мәдени орындарға бара алмай өнерге сусап жүрген көрерменге осы Мемлекеттік қуыршақ театрының жаңалығымен бөлісетін боламыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через