фото: kaz.nur.kz
Елордада бензин және дизельмен жүретін автокөліктерді қала аумағына кіргізуді шектеу жағы қаралып жатыр.
«Биыл біздің басқарма Лондон тәжірибесіне сәйкес қала аумағында төмен ремиссия аймағын құруды ұсынды. Әзірге пилоттық жоба ретінде. Жобаның мақсаты мен басты идеясы — бензинмен жүретін автомобильдердің қалаға кіруіне шектеу қою. Бұл сонымен қатар ауаны жоғары деңгейде ластайтын дизельге де қатысты. Аймақ зонасына кірер жерде және басты көшелер қиылыстарында белгілер қойылады», — деді Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Бердалин қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында.
Спикер мәлімдегендей, қазір аталған ұсыныс қаралып жатыр.
Бұған дейін биыл алты айдың ішінде Астана автокөліктері ауаны ластап, 27 мың тонна зиянды заттар шығарғанын хабарлаған едік.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через