Еліміздің көркем гимнасттары Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Еліміздің көркем гимнасттары Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің ресми Телеграм каналы жазды.

Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының командалық сайысында Эльжана Таниева, Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова ел намысын қорғап, жалпы 317.100 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.