Еліміздегі үздік 100 мектептің рейтингі жасалды

Еліміздегі үздік 100 мектептің рейтингі жасалды
фото: Ел кз

Қазақстандағы олимпиадалық 100 үздік мектептің рейтінгі жасалды.

2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингі жасалып отыр.

Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 314 мектеп бақ сынасты. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынды 4 мектеп, екінші орынды 9 мектеп, үшінші орынды 14 мектеп иеленді. Рейтинг арнайы формула бойынша шығарылды. Алтын медаль 3 баллға, күміс – 2 баллға және қола – 1 баллға бағаланып отыр.

Қазақпарат