Еліміздегі көлік нөмірлеріне арнайы элементтер қосылады

Еліміздегі көлік нөмірлеріне арнайы элементтер қосылады

     Полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқа екенін тексере алатын бірегей DMC-кодтарын қолдану қосымша қауіпсіздік элементтеріне жатқызылғаны айтылды.

 Қазақстанда ұлттық стандарт енгізілді. Оған сәйкес автокөліктердің мемлекеттік нөміріне фальсификациядан (жалған) қорғауға арнайы және қосымша элементтер қосылады.

"ҚазСтандарт" ҚТРМ МТИ баспасөз хатшысы Әсел Есмағанбетованың айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілген.

"Онда автокөлік нөмірлері мен оларға арналған бланкілерге қойылатын талаптар жазылған, оларда қолдан жасаудан (жалған) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы керек. Стандарт мемлекеттік тіркеу белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғау элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция қызметкерлері нөмірлердің түпнұсқа екенін тексере алатын бірегей DMC-кодтарын қолдану қосымша қауіпсіздік элементтеріне жатқызылғаны айтылды.

"Арнайы қорғаныс элементтерін нөмірдің бетінен химиялық жолмен немесе физикалық әсер ету арқылы алып тастауға болмайды және ол нөмірде сақталуы тиіс", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР СТ 986-2022 енгізу өнім өндіру бағасының өзгеруіне, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкеп соқпайтыны түсіндірілді.

Tengrinews.kz.