фото: pixabay.com
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшысы Алмас Ысқақов еліміздегі ауа тазалығын мониторингілеу жұмыстары туралы айтып берді.
«Бүгінде 45 өнеркәсіптік қала мен мегаполистің ішінде ең лас қалалар қатарына Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Шымкент жатады. Еліміздегі атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау республиканың 69 елді мекенінде 170 бақылау бекетінде, оның ішінде 47 қолмен сынама алу және 130 автоматты бақылау бекетінде жүргізіледі», - деді Алмас Ысқақов министрлікте өткен онлайн брифингіде.
Оның айтуынша, егер Қарағанды, Теміртау, Атырау және тағы басқа қалаларда ауаның ластану себептері өнеркәсіппен байланысты болса, ал Астана мен Алматыда автокөліктен шығатын шығарындылардың көптігінен ауа ластанып отыр.
«2023 жылғы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша республика бойынша автокөлік құралдарының саны 4 449,3 мың бірлік. Оның ішінде көліктердің 50% (2 224,6 мың бірлік) жасалғанына 20 жылдан асып кеткен. Өткен жылы желтоқсан айында Алматыда 600 мыңға жуық автомобиль тіркелген, күн сайын қалаға 700 мыңнан астам көлік кіреді. Астана қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, елордада 320 мың автокөлік (287,5 мың жеңіл автокөлік, 23,5 мың жүк көлігі, 6,8 мың автобус) тіркелген, оның 50% пайдаланғанына10 жылдан асқан. Жалпы, қала бойынша Еуро 4 және 5 стандартына сәйкес келетін автокөліктің саны 90 мыңнан аспайды (тіркелген автокөлік құралдарының жалпы санының 28%)», - дейді спикер.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через