Атырау мұнай және газ өңдеу зауытында бір аптаға ғана жететін сұйық отын қалған. Бұл кәсіпорын жұмысын тоқтатты. «KEGOC» акционерлік қоғамы өндіріс ошағын аяқ астынан электр энергиясынан ажыратып, салдарынан мұнай-газ өңдеу зауытындағы алып қондырғылар тоқтап тұр. Артынша, зауыт мұржаларынан ауаға қара түтін тараған. Бұл апаттан қала тұрғындары да үрейленіп отыр.
Апатты жағдайға байланысты баспасөз мәслихатын өткізген зауыт басшылары өндірістің қашан іске қосылатыны белгісіз дейді. Егер тез арада кәсіпорын жұмыс істемесе елде жанармай тапшылығы сезілуі мүмкін. Өйткені зауытта небәрі бір аптаға жететін сұйық отын қоры сақталған.
Зауыт толықтай тоқтап қалды. Мұндай апаттық жағдайда жұмыс тоқтағанда техникалық талап бойынша жүйе газдан босатылуы керек. Қондырғылар жарылмау үшін бойындағы барлық көмірқышқыл газы ауаға таралмау үшін жанып кетеді. Бұл апаттың алдын алу үшін жасалады. Мұрат Досмұратов, Атырау Мұнай және газ өңдеу зауытының бас директоры
Қазір зауытта 26 мың тонна бензин, 22 мың тонна дизель отыны, 4 мың тонна керосин бар. Ал, «KEGOC» АҚ-ы электр энергиясының аяқ астынан ажыратылуына күн райының қолайсыздығы себеп болды деп отыр. Жауыш-шашын мен қатты желден электр стансаларының қуаты төмендеп кеткен. Ал, жергілікті халық мұндай апат денсаулыққа зиян деп дабыл қақты. Улы газ ауаға таралса, тұрғындардың тыныс алу жүйесі бұзылуы мүмкін.
Дереккөз ktk.kz. Фото: reval-m.kz, inbusiness.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через