фото: pexels.com
Бірінші мамырдан бастап елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.
Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға «Отбасы банкімен» бірлесіп 300 миллиард теңге бөлінбек. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды.
Бағдарламаның барлық шарттары 1 мамырда жарияланады.
Жоспар бойынша бірінші кезекте 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтылады.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі: Менің ойымша, министрлік қызметкерлері мен «Отбасы банк» өкілдері бірлесіп қазақстандықтарға бағдарламаның шаттары туралы толық ақпарат беретін баспасөз-мәслихатын өткізеді. "Отбасы банк" бұрыннан бері жұмыс істейді әрі оның жұмысты дұрыс үйлестіруге құзыреті жетеді. Сондықтан, жаңа бағдарламада жеңілдетілген несиеге автокөлік алу бағдарламасы сияқты мәселе туындамайды.
Материал qazaqstan.tv сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через